Сауд Арабиясы Корольдігіндегі семинар

3766
Adyrna.kz Telegram

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының араб бөлімінің оқытушыларынан құралған делегация 07.01.2023-14.01.2023 уақыт аралығында Сауд Арабия Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласындағы Король Сәлмән атындағы Дүниежүзілік Академияның арнайы шақыртуымен және шығыстану факультетіндегі Арабтану орталығының үйлестіруімен араб тілі оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған халықаралық семинарға қатысты.

Бізбен бірге Қазақстаннан Абылай хан атындағы әлем тілдері мен халықаралық қатынастар және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеттерінен ұстаздар қатысты. Академияның Бас хатшысы Доктор Абдулла бин Салих әл-Уәшми бастаған ұжымы өте жылы қарсы алып, кең қонақжайлылықтарын көрсетіп күтті.

Академия 2020 жылдан бастап қана құрылған. Соның өзінде заманның барлық талаптарына сай базасы жабдықталған. Пандемиядан кейінгі офлайн формадағы шетелдіктерге арналып өткізілген ең алғашқы шарасы бізге өткізген семинарлары болды. Академия семинарды заманауи талаптар мен әдістемелерге сай етіп, өте жоғары деңгейде өткізді.

Дәріс оқыған оқытушы профессорлар өз істерін жетік білетін жоғары білікті мамандар. Араб тілін оқытудың, оқудың, сөйлеудің, жазудың және шәкірттерді емтиханда бағалаудың тәсілдерін кеңінен талқылаудың реті туды.

Міне төрт күнге созылған семинарымыз бүгін өз мәресіне жетіп, оқытушыларға Бас хатшы Доктор әл-Уәшмидің қолымен тиісті сертификаттар табысталды.

Біз де өз тарапымыздан Академияның Бас хатшысы мен ұжым мүшелеріне ұлттық естелік сыйлықтарымызды ұсындық. Академияның басшылығына және барша атсалысқан ұжымына үлкен алғыс айтамыз. Алдағы уақытта екі жақты әріптестігіміз жалғасады деп сенеміз.

Ф.ғ.к., аға оқытушы Жумажанова Ф.Т.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер