“Көз жұмғандар саны 912-ге жетті”: Түркияға қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер аттанады

3128
Adyrna.kz Telegram
Фото: AP Photo / IHA agency
Фото: AP Photo / IHA agency

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алапат жер сілкінісінен кейін салдарын жою үшін үкіметке Түркия Республикасына көмек көрсетуді тапсырды. Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер қазақстандықтар туралы ақпараттың келіп түспегенін мәлімдеген.

"Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады", – делінген Ақорда хабарламасында. 

Жойқын жер сілкінісінен кейін мәлімдеме жасаған Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған опат болғандар саны 912 адамға жеткенін айтты. Тағы 5 385 адам түрлі жарақат алған. 

Айта кетейік, бүгін, 6 ақпанда болған зілзала 1939 жылдан кейін болған ең ірі жер сілкінісі. 1939 жылы жер сілкінісінен 33 мың адам көз жұмған. 

Пікірлер