"Біз біргеміз!" - Қазақ елінің құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды

4269
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме көрсете отырып. 

Борт алдын ала мәлімет бойынша Газиантеп қаласына барады.

Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

Әскери журналист Амангелді Құрметұлы бұған қатысты:

- Қазақстан құтқарушылары Түркияға ұшпақ екен. Алдымен Астанадан Алматыға ұшады. Содан соң Түркияға аттанады. Бірақ Алматы әуежайы ТЖМ ұшағын әзірге қабылдай алмайды екен. Ауа-райының қолайсыздығы болар, - деп жазды.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер