Оқу-ағарту министрлігі: Сапалы оқулықтар әзірлеу үшін баспаларға жауапкершілік күшейді

2952
Adyrna.kz Telegram

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлағандай, енді полиграфиялық ақау, сондай-ақ пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан ауытқу нәтижесінде кеткен қателер мен басқа да кемшіліктер анықталған жағдайда, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді баспа өз есебінен ауыстыруға міндетті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз мұндай құқықтық норма арқылы барлық тараптардың өзара жауапкершілігін күшейту мектептегі оқу әдебиетінің сапасын арттыруға оң әсер етеді деп санаймыз», – дейді орталық басшысы Елдос Нұрланов.

Соңғы үш жылда ҚР Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік сараптама рәсімдерінің объективтілігін арттыруға, сарапшыларға, авторларға және оқулықтарға қойылатын талаптарды нақтылауға бағытталған бірқатар заңнамалық шаралар қабылдады.

2020 жылы сараптама жүргізу процесі толығымен құпиялық режимге ауыстырылды. Министрлік сайтында pdf және epub форматындағы қағаз оқулықтардың электрондық нұсқалары ашық орналастырылып, авторлар көрсетілмейтін болды. Бұл сараптаманың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететінін шара. Сондай-ақ баспаларға ішкі сараптама жүргізу, авторлардың оқу әдебиеттерін әзірлеудің әдіснамасы, оларды бағалау критерийлері бойынша оқыту курсынан өткізу жауапкершілігі жүктелді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер