Храпунов иеленген 37 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

3193
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысында былтыр 37 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл - 533 участок деген сөз. Оның жетеуі осы облысты 2004-2007 жылдар аралығында басқарған Виктор Храпуновқа тиесілі болып шықты. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұрынғы әкім ең шұрайлы жерлерді иеленген. Мәселен Бұқтырма су қоймасының жағалауы мен Самар ауданында бірнеше жер телімдері болғаны анықталды.

Сонымен қатар Өскемен қаласында 4 учаскені алып қойған. Бұл жерлер 10 жылдан бері бос тұрған.

Облыстық прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, Храпуновқа қарасты барлық жер телімінің жалпы құны 5 миллиард теңгеден асады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер