Украиналық журналистің екіұдай жазбасы дау тудырды

1279
Adyrna.kz Telegram
Фото: РБК
Фото: РБК

Украина президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы, журналист Юлия Мендельдің 9 мамырдағы Мәскеудегі әскери парад туралы Instagram желісінде екіұдай жазба жариялауы дауы тудырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Мендель өзінің жазбасында парадқа Екінші дүниежүзілік соғысқа "соншалықты тарихи қатысы жоқ елдердің" сарбаздары қатысып жатқанын айтқан. Алайда соның алдында бірнеше елдің қатарына Қазақстанды да қосқан.

“Қытайдың, Вьетнамның, Қазақстанның және Екінші дүниежүзілік соғысқа тарихи тұрғыда соншалықты қатысы жоқ өзге де елдердің әскерлері Мәскеудегі парадқа қатысып жатыр. Путин үшін бұл парад енді естелік емес, бұл – автократиялық режимдер арасындағы бірліктің көрінісі”, – деп жазды ол.

Бұл пікір әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Қолданушылар Юлия Мендельдің бұл мәлімдемесін тарихи сауатсыздық деп бағалап, Қазақстанның соғысқа қосқан үлесін еске салды.

“Бұл – мен кездестірген тарихи сауатсыз мәлімдемелердің бірі”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Сондай-ақ қолданушылар тарихи дерек келтіре отырып, Қарағандыдан шыққан төрт қазақ қызының танктік экипаж болғанын, олардың 1944 жылы із-түзсіз жоғалып кеткенін де еске салды.

Қазақстандықтар Юлия Мендельді тарихи фактілерді бұрмалағаны үшін сынға алды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер