Түркиядағы зілзала салдарынан 1858 бала жетім қалды

1708
Adyrna.kz Telegram

Түркиядағы зілзала салдарынан 1858 бала жетім қалды. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Ресми статистика бойынша Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан 1858 бала жетім қалды. 1645 баланың құжаты табылды. Оның 1314-і туыстарымен байланыса алды. Қалған 213 баланың құжаттарын әлі де таба алмай отырмыз", - деді елші.

Оның айтуынша, жетім қалған балалар қазір мемлекет қамқорлығында.

"Шетел азаматтары зілзаладан аман қалған балаларды асырап ала алмайды. Егер балалардың құжаттары табылып жатса, онда олар Түркиядағы туыстарына қайтарылады", - деді Уфук Экиджи.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер