Қазақ елі Түркиядағы бауырларға $10 миллионнан астам қаражат жинады

2264
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі таңда Қазақстанда Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін ашылған шотқа шамамен 10 миллион доллар (188,7 миллион түрік лирасы) түсті. Бұл туралы AstanaTV арнасы хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Барлық қаражат төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасына (AFAD) аударылады.

Түркияның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов қорынан қайырымдылық шотына 5 млн доллар сомасы түскен.

«Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін 5 миллион доллар аударған Өтемұратов қорына алғысымызды білдіреміз. Осылайша, Қазақстанда AFAD-қа аударылған жалпы сома 10 млн долларға жуықтады», - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер