"Пысқырып та қарамайды" - Ит жетектеп, Қызылжар көшесін ластаған тұрғын жалпақ жұрты ызаландырды

2646
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде қызылжарлық ит жетектеген тұрғынының қылығына бола дау туды. Ит жетектеп, самарқау көше кезген азамат "серігінің" көшені былғағанына былқ етпей, жауапкершіліктен жалтарады. Азаматтардың адами тұрғынан ескеруіне пысқырып та қарамайды. Ал тұрғындардың айтуынша, қала көшелерін ластаған мұндай иттер мен ит иелерінен соң далада аяқ алып жүру мүмкін емес, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Qazaqstan" арнасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Эльмира Қаленова өңірдің полиция департаментіне шағым жолдады.

- Көктемде көшеге шықсаң, иттің нәжісінен аяқ алып жүре алмайсың. Итті жақсы көреді екенсің, қалтаңда пакетің болсын. Полиция басқармасы, мына мәдениетсіз тұрғынды тауып, жауапқа тартуды талап етемін. Басқалар байқап жүрсін! - деді азамат.

Оқырмандар да бұл мәселенің мәніне жетуге ортақтасты:

"Өте орынды ұсыныс, әр кім өз іс әрекетіне жауап бергені жөн, ойларына келгенін жасамай, сол жерде бала-шаға да жүреді";

"Қазақ халқы итті жеті қазынаның біріне санайды бірақ иттің бәрі жеті қазынаға жатпайды, тек қана тазы құмай иті ғана жатады. Себебі тазы құмай иті өте таза ит, ол аңға шыққанда ұстаған аңына сілекейін тигізбейді сондықтан жеті қазынаға аңшылар өте қастерлейді. Ал бүгінгі таңда қаламызда басқа ұлтты айтпағанда өзіміздің қазақта көп қабатты үйлерінде итті өзі тапқандай үйлерінде ұстап шынымен қаланың ішінде кеш болса иттерін жетелеп жүрген орыстарды көп көресің және ешқандай қарғыбаусыз, бос жіберіп өзіңе түк көрмегендей қарап тұрады ол қаппайды қорықпаңыз деп өзіңе ақыл айтады. Иә мен 3-ші қалалық емханасының қасында тұрамын көше қалып енді орманның ішінде аяқ басатын таза жер қалмады осыларға бір шара қолданатын күн келген сияқты. Шет мемлекетте итті үйге ұстасаң отбасы мүшелерінің бірі ретінде коммуналдық төлемдер төленеді, көшеге шыққанда иттің соңынан қапшық пен кішкентай күрекше алып үлкен дәретін жинап жүреді";

"Пысқырып та қарамайды, Тыңдағысы да келмейді ғой. Ұстап, жазаға тарту керек";

"Шет елдерде итпен шыққан адамдар савоктарын ала жүреді, не пакетпен жүреді, артынан тазалап. Біздің елде қайдан тазалық болсын? Үйткені олардың елі емес қой. Лишь бы насрать, обгадить. Қазақ шыдай береді ғой!" деп күйінді оқырмандар.

 

Пікірлер