Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыруды қысқартамыз - министр

2947
Adyrna.kz Telegram
Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Журналистер министрге сұрақ қою барысында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыруға 3 жылдың ішінде 5,6 миллиард теңге бөлінгенін айтып, «Елбасы» туралы заңның күші жойылғаннан кейінгі қаржыландыру қалай жүзеге асатынын сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл сұраққа министр Ерұлан Жамаубаев жауап берді.

“Алдымен заң, заңға тәуелді актілер, тиісті қаулылар бар. Өзгерістер енгізілген кезде қаржыландыруды азайтамыз. Кей жерлерде қаржыландыруды мүлде алып тастаймыз. Біз үшін бұл түсінікті, заң әрдайым бірінші орында. Сондай-ақ қабылдануға тиіс заңға тәуелді актілер бар. Осыдан кейін қаржыландыруға қатысты шешім қабылдаймыз. Әзірге біртіндеп қысқартамыз», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар ол заңға тәуелді актілерді қабылдау мерзімі 2 ай көлемінде нақтыланатынын жеткізді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер