Серікжан Біләштің үстінен қылмыстық іс қозғалды

4570
Adyrna.kz Telegram

«Атажұрт» еріктілер ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің үстінен қылмыстық кодекстің 174 бабы – «араздық қоздыру» айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы bureau.kz хабарлап отыр.

Қылмыстық істі қозғауға 18 адам қол қойған ұжымдық хат негіз болған. Әзірше Серікжан Біләшті бір рет тергеу амалдарына шақырған.

Серікжан Біләш – Қытайдан Қазақстанға оралған этникалық қазақ. Оның "Атажұрт" қозғалысы (Алматыда орналасқан) Қазақстанға оралған қандастарымызға заңдық көмек көрсетеді.  Жұмыстарының негізгі бағыты Қытайдағы этникалық қазақтардың жанайқайына еліміз бен шетелдердің назарын аударту. Солардың ішіндегі ең танымалы  –  «Атажұрттың» қолдауына байланысты қоғамда резонанс тудырған Сайрагүл Сауытбайға қатысты ісі. Сайрагүл Сауытбай  қазақстандық шекараны заңсыз кесіп өткені үшін сотқа тартылып, оны сот процесі кезінде белгілі заңгер Абзал Құспан өз қорғауына алған болатын. Қазіргі кезде Сайрагүл Сауытбай «пана іздеуші тұлға» мәртебесінде жүр (оның мәртебесі 2019 жылдың 25 сәуіріне дейін созылды).

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер