"Сот шешімдерін бұзды": Франция соты Мұхтар Әбләзовке айыппұл салды

1697
Adyrna.kz Telegram

Франция соты Мұхтар Әбләзовке сотқа келмегені үшін айыппұл салды. Бұл туралы БТА банкі өзінің ресми сайтында хабардар етті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"2023 жылғы 7 наурызда Францияның Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты Мұхтар Әблязовқа сотқа келмегені үшін айыппұл тағайындау туралы шешім шығарды. Сот Әблязовтың саяси қудалау туралы дәлелдерін келмеуді ақтау ретінде қабылдаудан бас тартты. Мұхтар Әблязов жауап алу үшін 2021 жылдың 15 және 16 маусымында Экс-ан-Прованс сотына келуі керек болған. Алайда сот отырысының алдында ол адвокаты арқылы саяси қуғыннан қорқатынын алға тартып, француз сотының нұсқауын орындауға ниеті жоқ екенін мәлімдеген. Кейінірек БТА Әблязовтың сотқа келмегеніне байланысты оған айыппұл салу туралы өтініш берді. Апелляциялық сатыда сот Мұхтар Әблязовтің 2018 жылы да осындай шақыртумен келгенін анықтады. Сондай-ақ ол алдымен Англияда, кейін Францияда босқын мәртебесінен айрылғандықтан, бұл мәртебесін сотқа келмеу үшін пайдалана алмады. Оған қоса, тергеу судьясы Әблязовке сот бақылауы шарасын тағайындаған, бұл қатарға соттың өтініші бойынша келу де кіреді. Мұхтар Әблязов Экс-ан-Прованс қалалық сотының шақыртуына келмей, бұл шараны бұзып отыр. БТА Банкі француз сотының әділ шешімін құптайды. Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары сот процестеріне қатысудан бірнеше рет бас тартты және көптеген сот шешімдерін бұзды. Соның ішінде АҚШ-та олар қылмыстық қудалауға және айыппұлдарға ілікті",- делінген банк таратқан мәлімдемеде. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер