Бакуде өткен Әлем Кубогы кезеңінде Нариман Құрбанов жеңіске жетті

3832
Adyrna.kz Telegram
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты! Бакуде өткен Әлем Кубогы кезеңінде Нариман Құрбанов жеңіске жетті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан спортшысы ат үстінде жаттығуда үздік атанды. Ол 15.300 ұпай жинап, Ирландия мен Албаниядан келген қарсыластарынан басым түсті.

“Айта кетерлігі, ұлттық құрама өз тарихында тұңғыш рет әлем кубогының бір кезеңінде бірден екі алтын жүлдеге ие болды. Алғашқы алтынды Милад Карими жеңіп алған болатын. Ал Нариман бір апта бұрын Катарда өткен жарыс кезеңінде де үздік танылғанын атап өткен жөн.

Гимнасттарымыздың үздік нәтижелері бізді ерекше қуанышқа бөлейді. Барша қазақстандықтарды осы жеңіспен құттықтаймын, Нариманға алдағы сайыстарда да толағай табыс тілеймін!”, деп жазды Асхат Оралов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер