Нұрлан Албан елді жік-жікке бөлмеуге шақырды

2382
Adyrna.kz Telegram
Фото: YouTube/Menin omirim
Фото: YouTube/Menin omirim

Белгілі әнші Нұрлан Албан елді жік-жікке бөлмеуге шақырды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Мен тек қана Албан емеспін, мен Алашпын! Мен тек қана Албан емеспін, мен қазақпын!

Мұны не үшін айтып отырмын? Сайлау қарсаңында елдің ортасына ылаң салып, бір атадан тараған ұрпақтарды бір-біріне қарсы қойып, өзінше білгірсініп, ақылы асып, мақала жазып жүрген ағаларыма өкпе назым бар екені рас. Сол жазылған мақаланың астына пікір қалдырған елдің ақыл тоқтатқан азаматтары, ағаларым, әпкелерім, жасы бар, жасамысы бар.Неге сіздер елді екіге бөліп жатсыздар?

Жасым кіші болса да, елге, руға бөлінбеп едім. Көңілімізге қаяу салатындай, біз ешқандай да қылмыстық іске барып жатпағанымыз анық. Неге десеңіз? “Ақыл жастан” дейді. Біз де арттарыңыздан келе жатқан ұрпақтың біріміз. Марқұм Алтынбек ағам 31 жасында министр болғанда, Алаш болып қуанғанымыз қайда? Ағамның жағасынан алмадым, інімнің көңіліне қаяу салмадым. Сондықтан да бұл істі дереу доғарыңыздар!”,-деді Нұрлан Албан.

Пікірлер