“Шелектерге су ақпауын тілейміз”: Белсенділер ҚазҰӨУ ректорын туған күнімен құттықтап, университет мәселесіне назар аударуын талап етті

2383
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

«Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсенділері ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсаходжаеваны 65 жасқа толған мерейтойымен университеттің кіреберісіне ілінген үлкен баннермен құттықтады. Баннерге «Айман Қожабекқызы сізге ашық аспан, сол аспанна шелектерге су ақпауын тілейміз» деген жазу ілінді. Бұл туралы «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Осылайша, белсенділер университет ректорының назарын төбесінен су ағып жатқан мәселеге аударды. Олардың айтуынша, көктемнің жылынуы немесе жаңбыр «Шабыт» ғимаратын дуршлагқа айналдырып жатқан бірінші жыл емес. Осындай сәттерде әкімшілік білім ошағында су жинау үшін пластик шелектерді қоюды әдетке айналдырған.

Шелектері бар видеолар БАҚ пен әлеуметтік желілерде бірнеше рет пайда болды. Дегенмен, мәселе әлі шешілген жоқ.

Айта кетейік, наурыздың 9-ы күні «Жаңа адамдар» белсенділері көшеде флешмоб өткізіп, «Шелек шабытты құртады» («Шабытты шелек өлтіреді») деп ұрандады. Бұл БАҚ өкілдерінің, студенттер мен кейбір мұғалімдердің назарын аударып, әлеуметтік желіде репост жасап, флешмобты қолдады. Алайда университет басшылығы тарапынан ешқандай реакция болмаған.

Пікірлер