ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

1755
Adyrna.kz Telegram

Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі ЕҚЫҰ бюросының Сайлауалды бақылау миссиясының жетекшісі Иоган Мёрфи Қазақстанда өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «Адырна» BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бақылау миссиясын басқарамын,  негізгі команда Астана қаласында. Біз Қазақстанда қаңтардан бері қырық күндей жұмыс істедік. Кәсібилігі үшін әріптестеріме алғыс айтамын. Сайлауалды науқан белсенді өтті. Құқықтық базаға көптеген өзгерту енгізілді. Екі жаңа партия қатысты. Жалпы алғанда сайлау жақсы өтті, - деп атап өтті бақылау миссиясының жетекшісі.

Сонымен қатар ол саяси оқиғаға қатысты сыни пікірін де жасырып қалмады.

Маңызды кепілдіктер бұрмаланды. Қорытындыларын (сайлаудың - ред.) ресми отырысқа дейін жасайтыны алаңдатады. Негізі олар Президенттің реформаларын қолдады. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар қарқынды болды. Сот арқылы қайта тіркелгені де кездесті. Олар науқан барысында әкімшілік кедергілерге де тап болды. Бұл олардың жұмысына кедергі келтіргені сөзсіз. Сотта олар өз құқықтарын қорғаса да, тіркеуден алып тасталды.  Сонымен қатар 3 теледебат өткізілді. Айтқым келетіні, жалғыз бақылаушылар біз ғана болған жоқпыз. Кейбір бізбен кездескен бақылаушылар тарапынан алаңдаушылықтар болды, - деді Иоган Мёрфи.

Айтуынша, жақында саяси партияларды тіркеуге қою талаптары ішінара ДИАҚБ-ның алдыңғы ұсынысына сәйкес жеңілдетілді.

Дегенмен әлі де саяси партиялар ретінде сайлауға қатысуға рұқсат етілмегендердің болуы алаңдатушылық туғызады және демократиялық сайлаудың халықаралық стандарттарына сәйкес келмейді. Сайлау күні дауыс беру бірқалыпты ұйымдастырылды. Бірақ дауыстарды санау мен қорытындылау процесінде айтарлықтай процедуралық бұзушылықтар байқалды. Миссия әлі екі апта қалып жұмыс істейді, - дейді ЕҚЫҰ өкілі.

Пікірлер