«ҚАРАБЕТ.KZ» онлайн ресурсын ашайық, еліміз өз қаһармандарын білсін! - Садық Шерімбек

6054
Adyrna.kz Telegram

Белгілі жазушы Садық Шерімбек сайлауда әділетсіздікке жол ашқан "опасыздарға" арнап «ҚАРАБЕТ.KZ» онлайн ресурсын ашуды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Сайлауда өрескел заң бұзған, жүйенің қолшоқпары болып онсыз да жоқ арын саудалап ұлтымыздың бүгіні мен болашағына опасыздық қылғандардың сайлау учаскелеріндегі видеоларын, фотоларын һәм аты-жөндерін жинай беріңіздер. Сайлаудан кейін «ҚАРАБЕТ.KZ» атты онлайн ресурсты ашып, әлемжеліден әлгілердің «даңқы» мәңгі өшпестей етейік. Googleдан есімдері ізделгенде ең бірінші қатарда осы өз ұлтына жасаған қиянаттары қасқайып шығатындай етіп салып қояйық. Еліміз өз «қаһармандарын» білсін!",- деп жазды Садық Шерімбек.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер