Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

2720
Adyrna.kz Telegram

Астанада «Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, Qnet қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырған. Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды.

«Салымшылардан түскен сома 463 млн теңгені құраған. Компания Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеген.

Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды»,—делінген хабарламада.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер