Түрмедегі той: Қызылордада 17 жылға сотталған ер адам ерекше жағдайда некелесті

5278
Adyrna.kz Telegram
Қызылордада тосын той болды. Қарақшылық және адам өлтіру бабы бойынша 17 жылға сотталған ер адам шаңырақ көтерді. Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемеде жазасын өтеп жатыр, ол 4 жыл бойы қалыңдығымен байланысын үзбеген. Енді олардың некесі қиылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Астана" телеарнасына сілтеме көрсете отырып. 

"Үйленіп,  некемді қиып жатырмын. Заңды куәлікті табыстап жатыр. 2016-дан бері, бостандықтан танимын. Сосын осы жаққа келіп, сөйлесіп, екеуіміз некемізді қиып, үйленуге бел будық, Алланың қалауымен үйлендік",  - деді жазасын өтеуші.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, қазір мұнда 800-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде жұмыс істеп, отбасына қаржылай қолдау көрсетіп отырғандар да бар. Былтыр 31 азамат некесін заңдастырған. Мұндай бастама сотталушыларға жақсы әсер етеді дейді департамент бастығы.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев мәлімдеме жасады. Оның пікірінше, мұндай қадамдар қылмыс әлемінде "еркін жүзгендердің" өмірге деген көрқарасын өзгертерпек.
"Әрі қарай бақытты болып, балалы-шағалы болып жатқан сотталған азаматтарымыз да бар. Бойдақ сотталған азаматтарымыз отбасылы болғаннан кейін, өмірге бала келгеннен кейін өмірге деген көзқарасы өзгереді, балаға деген. Әрі қарай бостандыққа ертерек шықсам, осы жерде тәртіп бұзбасам бостандыққа мезгілінен шартты түрде босау сияқты әрекеттерге барады", - деді департамент басшысы.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер