Шежіре күні ұлттық құндылықтар ұлықталды

593
Adyrna.kz Telegram

16 наурыз – Шежіре күні. Шымкент қалалық орыс драма театрының алдынан басталған мерекелік іс-шара Арбат алаңында жалғасты. «Шымкент цирк» мекемесі ұйымдастырған жиынға қаладағы мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысып, ұлтымыздың дәстүрін дәріптеп, шежіреміз бен тарихымыздан сыр шертті.

Мерекені тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтар Әл-Фараби бабамыздан бастап, Шығыстың шайырлары, Абылайханның дәуірін, қазақтың Домалақ анасы мен Қыз Жібегін көргендей болды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған көш Арбат алаңын жүріп өтті.

– Ұлыстың ұлы мерекесі Наурыздың басталғаны қаламызда ерекше сезіліп жатыр. Бүгінгі Шежіре күнін пайдаланып, ұлылардың көшін ұйымдастырдық. Әр заманның сән-салтанатын көрсетуге тырыстық. Өскелең ұрпақ өткенімен, ата-бабаларымен мақтануы керек, - дейді «Шымкент цирк» мекемесінің басшысы Нұрлан Әділханов.

Айта кетейік, Шымқалада Наурыз мерекесін тойлаудың онкүндігі өтіп жатыр. Шежіре күні ел-жұрттың, жеті атаның шежіресі тарқатылып, тарихымыз дәріптеледі.

Арбат алаңында мерекелік шаралар кешке дейін жалғасады.

 

Пікірлер