Алтай Көлгінов Премьер-Министрдің орынбасары қызметінде қалды

2098
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Алтай Көлгінов өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерге жауапты:

- білім және ғылым;

- денсаулық сақтау;

- әлеуметтік жаңғырту, әлеуметтік саясат, жұмыспен қамту;

мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;

- мемлекеттік жастар және отбасы саясаты;

- конфессияаралық және этносаралық татулықты қамтамасыз ету;

- мәдениет пен спортты дамыту;

- мемлекеттік тілді дамыту;

- демографиялық және көші-қон саясаты;

- ақпарат;

- туризмді дамыту;

- әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың (республикалық, өңірлік және салалық) жұмысы.

Пікірлер