Ұлттық экономика министрлігі вице-министрдің ұсталғаны туралы ақпаратты анықтап жатыр

1664
Adyrna.kz Telegram

Алайда Антикор бұл ақпаратты әлі растаған жоқ, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

«Әріптестер! Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров «қамауға алынды» деген ақпарат тексеріліп жатыр. Осыған байланысты ресми ақпаратты күтулеріңізді сұраймын», - деп жауап берді Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Ерлан Сисенов.

Айта кетейік, Ілияс Өсеров 2019 жылғы мамырдан 2022 жылғы наурызға дейін Алматы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді, содан кейін 2022 жылғы наурызда Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Пікірлер