Оқу жылының аяқталуы мен емтихандар мерзімі жарияланды

2487
Adyrna.kz Telegram

Елімізде оқу жылын аяқтау және қорытынды емтихандарды өткізу мерзімі белгіленді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құжатқа сәйкес, 2022-2023 оқу жылы барлық мектепте 31 мамырда аяқталады. 2-13 маусым аралығында 9 (10) сыныптар үшін қорытынды емтихандар ұйымдастырылса, 5-19 маусым күндері 11 (12) сынып оқушылары мемлекеттік емтихандарын тапсырады.

9 (10) сынып оқушыларының емтихан кестесі:

2 маусым – оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан;

6 маусым – математика;

9 маусым – қазақ не орыс тілі;

13 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан.

11 (12) сынып оқушыларының емтихан кестесі:

5 маусым – оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан;

8 маусым – алгебра және анализ бастамалары;

12 маусым – Қазақстан тарихы;

15 маусым – қазақ не орыс тілі;

19 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан.

Пікірлер