Ұрып-cоғу мен жаншулар. Франция жаңа зейнетақы реформасын қалай қарсы алды?

1745
Adyrna.kz Telegram

Франция президенті Эммануэль Макрон зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды. Құжат ақпарат арналарында жарияланды және өз күшіне енеді. Заң бойынша зейнетке шығу жасы "пайғамбар жасынан" асып түсті, яғни - 64 , деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы France-Presse агенттігіне сілтеме көрсете отырып. 

Алдымен Елисей сарайында Мемлекет басшысының алдағы күндері зейнетақы реформасы туралы Заңға қол қоятыны хабарланды. Конституциялық сот 14 сәуір күні 2030 жылға дейін зейнеткерлік жасты 62 жастан 64 жасқа дейін көтеруді мақұлдады.

Макрон құжатқа 48 сағат ішінде қол қоюға тиіс еді. Франция көшбасшысы апыл- ғұпыл заңды мақұлдап жіберді.

Бұған қарсылық танытқан Париж тұрғандары өре түрегеліп, белсенді әрекетке көшкен. Қазір қаланы түтін торлап, азан-қазан болып жатыр.  Ереуілшілер сағаттар бойы қаланың барлық көшелерін басып алды. Әлеуметтік желіде тараған деректерге қарап, шерудің жаппай қозғалысқа ұласқанын байқауға болады. Арнайы жасақтар адамдарды төпелеп, ұрып-соғып жатыр.

Франция халқын сарсаңға салған реформа 1 қыркүйектен басталады деп күтіліп отыр.

Нақтырақ айта кетейік, зейнетақы жасын біртіндеп жоғарылату туралы шешімді Францияның конституциялық кеңесі реформадан тыс қабылдады. Олар елде зейнетақы реформасын өткізуден бас тартып, "өздігінен" шешім шығарған.

Нәтижесінде, 15 сәуірде, Франция президенті Эммануэль Макрон зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер