ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Bank of Cyprus ресейлік азаматтарға шоттарының жабылғандығы жөнінде "бақыт құсы" хаттарын жолдап жатыр ))). Орыстардың ең көп шоттары Кипрде деуші еді, енді не болар екен?..

2459
Adyrna.kz Telegram
Bank of Cyprus ресейлік азаматтарға шоттарының жабылғандығы жөнінде "бақыт құсы" хаттарын жолдап жатыр ))). Орыстардың ең көп шоттары Кипрде деуші еді, енді не болар екен? Қазақтар да бір жерлері жим-жим болып қайда тығарын білмей жатқан шығар?
Астық тасымалының тоқтау қаупі бар деп ескертеді Украина, өйткені Ресей 50 сухогрузды бұғаттап жібермей отыр. Жалпы астық жөнінде: Польша, артынан Венгрия Украинаның астық тасымалына тыйым салды. Польшаның ондағысы Украинаның арзан астығы біздің фермерлерді банкротқа ұшыратады, сондықтан біз өз нарығымызды қорғауымыз керек дегенге саяды. Ал Венгрия болса қай жерде Украинаға зиян келеді, сол жерде жүреді. Польша бастағанда қуанып кетіп қолдай жөнелгені сондықтан. Осы жерде мынадай ой туады - Польша мен Украина қанша дос болса да жеме-жемге келгенде олар да өз нарығын қорғауға ұмтылуда, ал біздің Қазақстан фермерлерді қорғамақ түгілі Ресеймен қосыла ұрлап қырып бара жатыр.
Словакия уәде етілген 13 МиГ-29 ұшақтарын Украинаға берді.
Пікірлер