Риддердегі жылу орталығында тағы апат болды

2013
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы апат болды. Жоғары қысымды қазандық апатты жағдайда өшірілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  Stan.kz-ке сілтеме көрсете отырып. 

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 18 сәуірге қараған түні жылу электр орталығындағы қазандықтардың бірі апатты жағдайда істен шыққан.

"Жоғары қысымды қазандық апатты жағдайда өшірілді. Шұғыл түрде резервтік қазандық іске қосылды. Енді жылу жүйесіндегі температура біртіндеп көтеріледі", -  деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, өткен жылдың соңынан бері, жылыту маусымы басталғалы, Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер