Шетелдік кәсіпкерлердің Қазақстанға қарызы 4 млрд теңгеден асты – сенатор

1971
Adyrna.kz Telegram

Шетелдік бизнесмендердің Қазақстанға қарызы 4 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Сенат депутаты Андрей Лукин мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сенатор шетелдіктер Қазақстанда өз компанияларын тіркегеннен кейін елден кететінін, алайда құрылған фирмаларды жалған шот-фактура жазу, салық төлеуден жалтару және қаржыны көлеңкелі айналымға шығару үшін пайдаланады.

«Бизнес-иммигранттардың визасыз 198 компаниясында 4 млрд теңге берешегі бар. 1,5 мыңнан астам компания тіркеу орнында жоқ және 2 мыңға жуық фирма жұмыс істемейді. Бұл толық дерек емес. Мемлекеттік кірістер органдары заңды тұлғаны құру кезінде заңнамалық бұзушылықтарға жол беруіне байланысты оны тарату жолымен талап қоюға құқылы. Заңды тұлғаны құрған шетелдіктің бизнес-иммигрант визасын алмауы – осындай бұзушылықтың бірі», - деді сенатор.

Айтуынша, республикалық маңызы бар облыстар мен қалаларда белгіленген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өтуін тану шаралары жалпыға бірдей қолға алынбаған.

Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері шетелдіктердің бизнес-иммигрант визасы болмаса да, заңды тұлғаны тіркеуден өткізуді жалғастыру фактілері қиындық туғызып отыр. Оған салалық нормативтік актілерден бас тарту үшін негіздердің болмауы себеп болады.

“Қалыптасқан жағдай шетелдік азаматтардың күмәнді заңды тұлға құруына ықпал етеді. Олар кейіннен қаржысын көлеңкелі айналымға шығару схемаларында қолдануы әбден мүмкін. Осыған байланысты бизнес-иммигранттарға салық салу және көші-қон мәселелері бойынша ведомстволық бақылауды күшейтуді ұсынамын”, - деді депутат.

Сондай-ақ, ел бойынша бизнес-иммигранттардың тікелей қатысуымен салық төлемдері мен заңды қызмет жүргізу тұрғысында компаниялар мен фирмаларға аудиторлық тексерулер жүргізуді, бизнес-иммигранттармен құқықтық қатынастарды реттеу тетігін жетілдіру жөнінде заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасауды ұсынды.

Пікірлер