Ресейдің Украинамен соғыста 190 мыңнан астам сарбаз жоғалтқаны хабарланды

2662
Adyrna.kz Telegram

Соғыс себебімен Ресейдің жан шығыны, техника мен қару-жарақ құрылымының айтарлықтай құрдымға кеткені хабарланды. Олар танктерді, зымырандарды, ұшқышсыз ұшақтарды, арт-жүйелерді, бронды жауынгерлік машиналарды және т.б. азайтқан. Кеше Украина қорғаныс күштерінің тағы 580 ресейлік әскерді жойғаны анықталды. Сонымен қатар, жеке құрамдағы Ресей әскерінің жалпы шығыны 190 040 сарбаз екенін хабарлады. Бұл жайлы Украина қорғаныс күштерінің бас штабы хабарлады, деп жазды "Адырна" ұлттық порталы.

Қорғаныс күштері бас штабына қарасты баспасөз қызметің хабарлауынша, 29 cәуірге дейінгі Ресей әскерінің жалпы шығыны төмендегідей:

  • жан шығыны - 190 040,
  • танктер - 3697 (+3) бірлік,
  • жауынгерлік брондалған машиналар - 7184 (+3) бірлік,
  • артиллериялық жүйелер - 2908 (+3) бірлік,
  • РСЗО (реактивті дүркіндете ату құралы) - 543 (+0) бірлік,
  • Әуе қорғанысы құралдары-294 (+0) бірлік,
  • ұшақтар - 308 (+0) бірлік,
  • тікұшақтар – 294 (+0) бірлік,
  • Жедел-тактикалық деңгейдегі ҰҰА (ұшқышсыз ұшатын апараттар) – 2471 (+4),
  • қанатты зымырандар 932 (+21),
  • кемелер / қайықтар ‒ 18 (+0) бірлік,
  • автомобиль техникасы мен автоцистерналар - 5836 (+17) бірлік,
  • арнайы техника - 355 (+2).

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер