Алматы облысында «Даму» қорының филиалы ашылды

761
Adyrna.kz Telegram
qarazhat.kz
qarazhat.kz

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалы ашылды, деп хабарлайды өңірлік баспасөз қызметі.
Ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Аймақ басшысы мұндай қаржы институттары облысқа аса қажет екенін жеткізді.

«Даму қоры аяққа тұрған қаржы институттарының бірі. Дәл осы қордың филиалы өңірімізде шылуы біз үшін қуаныш. Таяу болашақта облыстағы шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді деген ойдамыз. Алдағы уақытта біздің жас кәсіпкерлерге қордың тарапынан қолдау алу жеңілдейді деген ойдамын. Облыс халқының атынан Қор басшылығына алғыс айтамын»,-деді аймақ басшысы Марат Елеусізұлы.

Сонымен қатар, филиалдың ашылуында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев сөз алды. Ол өз сөзінде «Даму» қоры кәсіпкерлікке қолдау білдіруде алдыңғы қатарда қызмет ететінін тілге тиек етті.
«Баршаға мәлім, «Даму» қоры кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосып келеді. Аталған филиал облыстағы кәсіпкерлердің табысты нәтижеге жетуіне өз тарапынан ықпал ететін болады. Ел экономикасының тұрақты өсуіне, аймақтағы шағын кәсіптің тасын өрге сүйреуге барымызды саламыз.«Елімізде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның мемлекеттік қаржылық қолдауына ие болуға талпынатын кәсіпкерлердің саны арта түсуде, осыған орай «Даму» Қоры Қонаев қаласында аймақтық филиалын ашуда»,-деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев.
Айта кетейік, 2022 жылы «Даму» қорының қолдауымен 50,5 мыңнан астам кәсіпкерлік бастама идеясы жүзеге асырылды. Кәсіпкерлерге берілген несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралдарымен 24,5 мың жоба, кепілдік берумен – 20,8 мың жоба, ал жеңілдетілген қаржыландыру тетігімен 5,2 мың жоба қамтылған еді
Аталмыш Қор 1997 жылдан бастап, 2022 жылға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде кәсіпкерлердің 184,7 мыңнан астам жобасына қолдау көрсетіп, жалпы 10,5 трлн. теңге болатын жоба іске асырылды.

Пікірлер