Алматы облысы әкімінің Сингапур сауда және индустрия Министрлігінің делегациясымен кездесуі өтті

1145
Adyrna.kz Telegram
www.qonaev-gorod.kz
www.qonaev-gorod.kz

Кездесу барысында қысқа мерзімді жоспарлардағы – туризм және ауыл шаруашылығы, ұзақ мерзімді жоспарлардағы – баламалы энергетика, ТКШ, білім беру және "G4City" құрылысы шеңберінде ауқымды инвестициялық жобалар талқыланды.

Сингапур мен Қазақстанның, атап айтқанда Алматы облысының ынтымақтастығының болашағы осындай. Айта кету керек, екі мемлекет арасындағы екіжақты тауар айналымы өткен жылдың өзінде 65%-ға артып, 1,9 млрд долларды құрады, - деп хабарлайды Qonaev-gorod Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар үнемі тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін көрсете білді. Бұл байланыс екіжақты келіссөздер, сапарлар, білім беру және мәдени жобаларды жүзеге асыру үшін көп көмегін тигізбек. Жақында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Сингапурдың сауда және индустрия Министрлігінің делегациясымен кездесті.

Құттықтау сөзінде делегация басшысы, сауда және индустрия Министрлігінің дамушы нарықтар департаментінің директоры Дениз Перейра:

"Бір ай бұрын Қазақстан Президенті қабылдаған ерекше экономикалық аймақ құру туралы шешім сингапурлық компанияларды жергілікті нарықтарға шығуға ынталандырады. Сонымен қатар, Үкімет азық-түлік тауарларын балама жеткізушілерді іздеуге мүдделі", - деп өз ойын жеткізді.

Жасыратыны жоқ, Сингапур азық-түліктің көп бөлігін өндірмейді, бірақ оны сырттан әкеледі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға Алматы облысы да  мүдделі.

"Қазақстанның бес тұрғынының төртеуі ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы дамыған", - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

"Біз құс, ірі қара мал етін, көкөністер мен жемістерді, сүт өнімдерін жеткізе аламыз. Алайда сауда тізбегін құру үшін сингапурлық сертификаттау мамандары осы жерде жұмыс істеуі немесе Қазақстанда қызметкерлерді оқытуы қажет", - деді делегация өкілдері.

Алматы облысының әкімі туризм саласында өзара іс-қимылды барынша жедел жолға қоюға болатынын атап өтті. Мұнда екі мемлекеттің де әлеуеті зор. Жақын арада Алматы облысында тау туризмін дамытуға, сондай-ақ Қапшашай су қоймасының айналасындағы курорттық аймақты жайластыруға баса назар аударылатын болады.

"Бізді экотуризмді дамытудың болашақ жоспарлары қызықтырады және біз үш-бес жылға арналған ұзақ мерзімді тұжырымдамамен танысқымыз келеді. Қазірдің өзінде осы процесті пилоттық жобалардан бастауға болады. Ал болашақта демонстрациялық алаң біздің бизнес үшін үлгі бола алар еді", - деп атап өтті"Singapore Cooperation Enterprise" орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Халықаралық әріптестік жөніндегі директоры Эрик Ли.

Осыған байланысты Сингапур мен Қазақстан арасында тікелей рейстерді ашу туралы өте маңызды мәселесі қозғалды. Алайда Дениз Перейра бұл мемлекеттік органдардың құзыреті емес, бұл туралы Коммерциялық тасымалдаушы компаниялар шешім қабылдайтынына назар аударды.

Инвестиция тартуға мүдделі  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жасыл энергетика, білім беру және экология салаларының бар екенін атап өтті. Сөзсіз, басты бағыттардың бірі – Сингапурдың заманауи, жоғары технологиялық, экономикалық дамыған мегаполисті құрудағы баға жетпес тәжірибесі.

Stokson компаниясының құрылтайшылары Қазақстанда өндірістік кешеннің ашылуы Қазақстан экономикасына оң әсерін тигізеді деп есептейді.

Пікірлер