15 мамырдан «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша тұрғын үй несиесін рәсімдей аласыз

1842
Adyrna.kz Telegram

Өтініштер 31 мамырға дейін қабылданады.
Алматы қаласының әкімдігі «Алматы жастары» бағдарламасы аясында баспана сатып алу үшін жеңілдетілген тұрғын үй несиесін алуға 35 жасқа дейінгілерді қоса алғанда, жастардан өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың  басталғанын мәлімдеді, деп жазады "Адырна". 

Бағдарламаға қатысуға өтінімді almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады. Сайттағы авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы өтеді.

«Еске салайық, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша бағдарлама аясында жас мұғалімдер мен дәрігерлерге қосымша қаражат бөлініп, лимит тағы 100 несиеге ұлғайтылды: мұғалімдерге - 50, дәрігерлерге - 50», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. .

Бағдарламаны несиелендіру шарттары:

  • несиенің ең жоғары сомасы – 18 миллион теңгеге дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі – 5%;
  • бастапқы жарна – 10%;
  • бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
  • қамту – кемінде 1100 адам.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Қатысушының жасы жұбайының (болған жағдайда) жасына қарамастан, өтініш берген кезде 35 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Бағдарламаға өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің меншік құқығында тұрғын үйінің жоқтығы, сондай-ақ соңғы бес жыл ішінде Қазақстан аумағында тұрғын үй жағдайының нашарлау фактілері.

Қатысушының келесі салаларда міндетті зейнетақы жарналарының болуымен Алматы қаласында соңғы жарты жылдан кем емес ресми жұмыс өтілі: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, БАҚ, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары және қалалық коммуналдық қызметтер.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (727) 225 14 57 (Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы).

Пікірлер