“Жайлы мектептің” жайсыздығы жайлы айтыла бастады

1746
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі Рүстем Әшетаев "Жайлы мектеп" жобасының жоспарларына қатысты сынын айтты, деп жазады "Адырна". Бұл туралы ол Facebook желісінде бөлісті. 

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы мектептердегі орын тапшылығын болдырмауға, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешуге бағытталған. 2023-2025 жылдары елімізде 401 жайлы мектеп салыну жоспарланып отыр.

Рүстем Есімханұлының айтуынша, осы жобаны іске асыру бойынша сапасыз жұмыстарымен аты шыққан ТОО «Корпорация Ақ Ордасы» сынды өзге де құрылыс компаниялары конкурсқа қатысып жатыр екен. Белгілі болғандай, бұл компания кезінде Шымкент әкімшілігінің жанындағы айналдырған 5-6 жылда сыртқы қабаты түсіп қалған “Сары үйлердің” сапасыз құрылыстарын жасаған.

Өзінің жазбасында ол осы жобаға жауапты «Samruk-Kazyna Construction» AK басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовке бірнеше қадағалануы тиіс мәселелерді тізіп берді.

"Жауапкершілігі төмен, сапасыз құрылыстарымен аты шыққан, олардың үстінен бірнеше сот процесстері өтіп жатқан ТОО «Корпорация Ақ Ордасы» құрылыс компаниясын бұл конкурстан шеттетілуін және осы компанияның Шымкент қаласындағы жалпы құны 16 млрд теңге болатын үш мектептің құрылылысын соғуына қарсылығымды білдіремін!" деп жазды ол.

Толық жазба:

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер