“Бір адам көз жұмды”. Ақтауда тұрғын үйдің шатыры құлады

1814
Adyrna.kz Telegram
Фото: facebook.com/azamat.sarsenbaev
Фото: facebook.com/azamat.sarsenbaev

Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісінде шатыр құлады. Бір адам көз жұмып, тағы екі адам жарақат алған. Олардың үшеуі де ПИК қызметкерлері екен. Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Облыстық ауруханада зардап шеккендердің бірінің аяғы сынғанын, екіншісін дәрігерлер тексеріп жатқанын мәлімдеді. Екеуінің де жағдайы тұрақты.

«Тұрғын үй инспекциясы» ММ ақпараты бойынша, жоспарлы жұмыстар барысында 9 ш/а 4-үйдің кіреберісіндегі шатыр құлаған. Өкінішке қарай, бір адам қайтыс болды, тағы біреуі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Екеуі де «Татьяна» ПКСК қызметкерлері. Біз марқұмның отбасына көңіл айтамыз, – деп атап өтті Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Пікірлер