Шаршамайтын Шавкат әка. Өзбекстан президенті тағы да кандидат

3629
Adyrna.kz Telegram
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Өзбекстанның қазіргі басшысы Шавкат Мирзиеёв бұрынғы өкілеттігін жоққа шығарған референдумнан кейін қайтадан президент сайлауына кандидат болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Өзбекстанда сайлау мерзімінен бұрын 9 шілдеде өтеді. Мирзиеевті Өзбекстанның Либералдық-демократиялық партиясы (UzLiDeP) ұсынды. Ол Мирзиеевті 2016 және 2021 жылдардағы президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынған.

«Барлық жетістіктер, сөзсіз, Шавкат Мирзиеевтің басшылығымен жүргізілген реформалардың нәтижесі» делінген партия мәлімдемесінде.

Еске салайық, 8 мамырда Өзбекстан кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

30 сәуірде бұл елде конституциялық референдум өткен. Сарапшылар бұл реформалар ел президентінің өкілеттігін бес жылдан екі мерзімдік жеті жылға дейін ұзарту үшін өтті деп есептейді. Өзбекстан азаматтары осы түзетулерге дауыс берді деп хабарланған соң, Шавкат Мирзиеевтің бұған дейінгі президенттік мерзімі нөлге теңестірілді. Ол жоғары билікке 2016 жылы Ислам Каримов қайтыс болған соң, премьерліктен келген еді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер