Мектепте сыйлық алған директор мен мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылады

4775
Adyrna.kz Telegram

Мектеп директорлары мен мұғалімдер сыйлық алған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстанда орта білім тегін беріледі. Барлық мектепте алымдарға қатаң тыйым салынады. Осыған қарамастан, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 Call-орталығы арқылы мектептердегі алымдар фактілері бойынша 20-дан аса өтініш түсті. Бұл ретте ведомствода аталған заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік туралы еске салынған»,—деді басқарма.

Департамент заңсыз материалдық сыйақы мен пара алу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

«Мектеп директорларына әкімшілік сыбайлас жемқорлық үшін 600 АЕК айыппұл салынады, ал қылмыстық жауапкершілікке тартылса, мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшерінде айыппұл салудан бастап 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді. Ал мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлық беруге тыйым салынады. Егер заңбұзушылық болған жағдайда 2000 АЕК дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылады»,—делінген хабарламада.

Пікірлер