Жапонияда дәріске шақырылған қазақ суретші-аниматорларының кітабы Түркияда шықпақ

3319
Adyrna.kz Telegram

Бірнеше халықаралық байқауларда жоғарғы марапатқа ие болған "Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін"  атты анимациялық фильмінің туындыгерлері арнайы кітап шығарып жатыр. Балалар әлемін бақытқа бөлеушілердің айтуынша, кітаптың тұсаукесері Түркияның Ыстамбұл қаласында өтпек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

30 минуттық   "Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін"  анимациялық фильмінің авторлары Үміт Жұбанышева мен қызы Жұбаныш-немересі Маржан кітабының таныстырылымы Түркияда өтпек. Игілікті іс-шараны осы жылдың күзінде өткізу жоспарланған.

Жеңіске бастаған анимациялық туындының авторы Үміт Жұбанышева – қазақстандық суретші, безендіруші. Туынды Токиодағы халықаралық фестивальде үздік анимациясы үшін алтын медаль жеңіп алған болатын. Көркем өнімді Үміт Жұбашова қызы Маржан Жұбанышпен бірігіп, жеке шеберханасында жасап шыққан,  осы фильмнің сценарийін жазып, өзі қоюшы-суретшісі болған.

Суретшінің айтуынша, бұл шығарма оның жеке тағдырымен де байланысты. Қазақ туындыгерлерінің табандылығы мен талантына тәнті болған жапондықтар арнайы Tokyo Anime Award Festival 2023-ке басты қонақ ретінде шақырады. Сонымен қатар, жапон режиссерлеріне шеберлік дәрісін оқуын өтінген.

Шығармашыл отбасы мүшелері қазір тың толғам, жаңа кітап шығару ісімен айналысып жатыр. Кітаптың тұсаукесер рәсімі осы жылдың күзінде Ыстамбұл қаласында өтеді деп жоспарланған.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер