Қуғын-cүргін құрбандарын еске алуды жоспарлаған топ полиция тарапынан қысымға ұшырағаны хабарлады

1701
Adyrna.kz Telegram

Алматыда "31 мамыр" комитетінің қатысушылары полицияның жасаған әрекеті жайлы хабарлады. Полиция оларды саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жоспарлы акция қарсаңында үйлеріне қамап, қолдан кедергілер туындатқан. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы RadioAzattyq-қа сілтеме көрсете отырып хабарлайды. 

"31 мамыр" ұйымдастыру комитеті қатысушыларының үндеуін құқық қорғаушы Андрей Гришин жеткізді. Қозғалысты жақтаушылар полицияның бұл әрекетін конституциялық құқықтарды бұзу деп санайды.

"Ұйымдастыру комитетінің барлық мүшелерінің жолын жаппауды талап етеміз. Сонымен қатар,  бір минут үнсіздікте қалуға, әруақтардың рухана Құран бағыштап шығуға және большевиктік тиранияның құрбандарын еске алып, аза тұту шеруін өткізуге кедергі болмауын талап етеміз", ― делінген комитет төрағасы Амрекуловтың атымен қол қойылған үндеуде.

Алматы полициясы журналист, "31 мамыр" комитетінің өкілі Анар Аққозыны тап үйінің алдында ұстап әкетті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер