Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балалрдың инклюзивті білім алу қарқыны

3743
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан бүгін де білім сапасын арттыру үшін инвестицияларға басымдық беріп жатыр. Бірақ кейде мүмкінлігі шектеулі жандарды оқыту назардан тыс қалып қояды, - деген екен БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Каталина Девандас Агилар.

Қазақстандағы мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың аз ғана пайызы жалпы білім беретін мектептерде сапалы, инклюзивті білім алады. Әсіресе, психиатриялық-неврологиялық мекемелерде тізімде тұрған мүмкіндігі шектеулі балалар бұл процестен қапы қалуда.

Қазақстан үкіметі мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білімге қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндеттеді және мүгедектердің құқықтарын, соның ішінде ереуше қажеттілігі бар балалардың инклюзивті, сапалы білім алу құқығын бекітетін адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттарды ратификациялау бойынша маңызды қадам жасады. Үкімет сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы әрі инклюзивті білім беру жүйесіне қатысты заңнамалық және де саяси өзгерістер енгізді.

Инклюзивті білім беру процесі - 21-ғасырдағы ең үлкен сұранысқа ие мәселе және халықаралық стандартқа айналған жүйе. Қазақстанда инклюзивті түрде білім алуды қажет ететін 160 мың-ға жуық мүмкіндігі шектелген бала бар. Статистикаға сүйенсек, олардың тек 23% ғана осындай білім беру процесіне қатысады.

Жаңа өзгерістер мен жаңалықтарға бейімделу үшін, инклюзивті білім беруді енгізу мақсатында Қазақстан көп қиындықтарды еңсеріп келеді және туындаған проблемаларды халықаралық тәжірибелерді енгізу арқылы шешуге тырысып бағуда. Мәселен,
- Қазір қазақстандық мектептерде педагог-ассистент, яғни кеңесші саналатын — тьютор лауазымы енгізілді.
-ҚР педагогтері бейімделген спорт негіздерін үйренуде, француз әріптестерімен бірлесіп, бейімделген спортты мектеп сабағына енгізу үшін арнайы бағдарламалар әзірлеуде,

- Оқу бағыты инклюзивті ойындар арқылы дамиды, оған қарапайым балалар да, ерекше балалар да қатыса алады.
- Қайырымдылық ұйымдары инклюзивті оқытуға мүмкіндік беретін кабинеттер ашып, онда балаларды мінез-құлықты қолданбалы талдау әдістемесі бойынша оқытады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға қарай мектептердің, балабақшалардың 100%-ы және колледждер мен жоғары оқу орындарының 70%-ы инклюзивті білім беру үшін жағдай жасауы тиіс.

Инклюзивті білім беру - қазіргі адам санасындағы төңкеріс және ашық демократиялық мемлекеттерді таңдауы. Инклюзивті білім беру - БҰҰ-ның бірқатар конвенциялары қолдайтын жаһандық қозғалыс, "Ұлттық білім беру саясатына шолу" басылымында атап өтілген.

"Инклюзия" термині және инклюзивті білім беру принциптері 1994 жылы Саламанкадағы (Испания) ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру жөніндегі дүниежүзілік конференцияда Халықаралық қолданысқа енгізілді. Осы жылы "Баршаға арналған Білім" халықаралық бағдарламасына Қазақстан да қосылды.

Пікірлер