НҰРЛАН КӨПТІЛЕУТЕГІ: “Әділетті Қазақстанның” дарынды жас мамандарынан тұратын «Су министрлігін» дереу құру қажет!

2080
Adyrna.kz Telegram
Ең үлкен қауіп немесе “Су министрлігі” қашан құрылады?
Құрғақшылық - ұлттық қауіпсіздік тақырыбына айналып бара жатыр. Арал, Каспий, Балқаш, Сырдария, Есіл, Жайық тізе берсек, бірінен соң бірі табаны құрғап, ондағы биоалуандылық түрі жойылып, зардабы өлшеусіз дағдарысқа апара жатыр!
Су қорларымыз азайып, елімізде шөлді және шөлейтті жерлердің аумағы үлкейіп, құм астына көміліп бара жатқанымызды қалаларда әсіресе Астана қаласындағы салқын желдеткіште отырған мансап иелері түсіне қояры шамалы. Қалай десекте осы Астанада, бүгіннің өзінде ауыз су тапшылығы қатты байқалып, жылдап емес, күн санап өте өткір тақырыпқа айналуда.
Ауыз суды ысырапқа айналдырып жатқанын, сарылдатып ағызып, көпқабаттың бірінде таңертең және кешке тісін жуып тұратын миллиондаған тұрғынның қаншасы ойланып жатыр дейсіз…?!
Сол үшінде трансшекаралық, жер асты, көлдер мен теңіздерді, өзендер мен жалғыз дариямыздың суын нақты бақылауға алатын, нағыз “Әділетті Қазақстанның” дарынды жас мамандарынан тұратын «Су министрлігін» дереу құру қажет!
Әлемдік жылынуға бейімделу тұстарын ескеріп, бұл дағдарыстан алып шығар, тікелей комитет дәржесінде министрлік саясатынан шыға алмай жүрген саланы, ведомствалық дәрежеге көтеріп, ұлттық қауіпсіздік деңгейінде ғылымға тікелей бағыт алған жауапты сала құрылуы тиіс!
Бұл - әлемдік тәжірибе. Көрші Өзбек елінің өзінде бұл ертеректен сақталып қалған ведомства. Сондықтан да тікелей трансшекаралық немесе ішкі су мәселесінде өз позицияларында нық екенін байқатады. Әрі бұл саланы ғылыммен тығыз байланыстырып, жаңаша тың жаңалықтар жасауға толық мүмкіндік бар.
Су - тіршілік көзі. Әлем мен адамзаттың басты қажеттілігі. Бұл мұнай мен газдан, алтын мен металдан да қымбат қазына екенін әлде қашан түсінген әлем, су үнемдеу мәдениетін дамытып кеткелі қай заман… Сондықтан да болашақ ұрпақты тіршілік көзінен айырмаудың амалын жасағанымыз абзал, қымбатты үкімет!!!
Пікірлер