Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

3086
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 8 маусым күні рейске шығатын пойыздарды тексеретін Алматы-2 теміржол стансасының техникалық паркінде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде вагондардың бірінің доңғалақ жұптары шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойызда жолаушылар болған жоқ.

Жолға шығатын пойыздың орнына жедел басқасы ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер