БЕЙБІТ САПАРАЛЫ: Астанадан жақсы хабар күтуге дағдылануымыз керек. Астана Кеңестер кезіндегі Мәскеу, Алматы сияқты жақсылық жасайтын басты орталық сезінуі шарт.

1728
Adyrna.kz Telegram

“Жақсы сөз - жарым ырыс” деген атам қазақ. Асылында біздер Астанадан жақсы хабар, жағымды жаңалық қана күтуге дағдылануымыз керек. Астана - Ақ Орда да Кеңестер кезіндегі Мәскеу, Алматы сияқты өзін мұқым халық үшін тек жақсылық жасайтын басты саяси-экономикалық орталық сезінуі шарт.

Міне, осындай тұрғыдағы фәлсафа орныққанда ғана Астана нағыз Бас қала кейпіне еніп, мемлекеттік құрылымдардың тамырына қан жүгіріп, барлық сала жандана, қуаттана бастайды.

Астанадан исі қазақ үшін жаман, жан шошытарлық ақпарлар ғана тарай берді дегенше, ұлттық болмысымыз бен мемлекеттік мызғымас бірлігіміз тамырына аяусыз балта шабыла берді деп ұққан жөн! Жақсылыққа, тек қана жақсылыққа жаршы бола білейік, ағайын?!

 

Beibit Saparaly

Пікірлер