Астананың сол жағалауындағы Министрлер үйінің жанында ер адамды автокөлік қағып кетті. Жол апаты бүгін таңертең Достық көшесінде болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Алдын ала мәлімет бойынша Nissan автокөлігінде отырған жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен ер адамды қағып кеткен. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.
Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда мұқият болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.