Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды

6470
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik.kz
Фото: Sputnik.kz

Алматыда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Мемлекет және саяси қайраткер Бердібек Сапарбаевты жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Жиынға 1000-нан астам адам қатысты.

Мемлекет қайраткерімен қоштасуға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, бұрынғы вице-премьер Алтай Көлгінов, Алматы әкімі Ерболат Досаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және басқа да көптеген саясаткерлер, еліміздің қоғам қайраткерлері, әріптестері, қарапайым халық та келді.


Фото: Sputnik.kz 

Әлхан Смайылов Бердібек Сапарбаевты барлық әкімдердің ағасы деп атады.

Ол әкімнен де артық еді, өйткені ол қандай қызметте болса да, өз жұмысын тамаша атқарды, - деді Смайылов.

Бердібек Сапарбаев "Кеңсай-2" зиратына жерленеді. Марқұмның жақындарының айтуынша, онда 2002 жылы жол апатынан қаза тапқан Сапарбаевтың үлкен ұлы жерленген.

Пікірлер