Dauletten қайырымдылық қоры Абай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті

1723
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мәжіліс депутаты, экономист Дәулет Мұқаевтың бастамасымен Dauletten қайырымдылық қоры Абай облысына жол жүріп, өрттен зардап шеккендерге және өрт сөндірушілерге көмек көрсетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Керек заттар тізімін жасап, қажетті заттарды сатып алдық. Халықтың бірлігі осындай игі істе білінеді. Апайлар өрт сөндірушілерге ас дайындап, тілеуін тілеуде. Еріктілер қолдан келген көмекті жасауда.

Біз де өрт ошақтарына барып, тілсіз жаумен күресіп жүрген азаматтарға жеке гигиеналық заттар (қолғап, нәски және т.б.) және азық-түлік себеттерін жеткіздік. Жиыны 300-ден аса адамға тамақ апардық. Әлі де осында болып, қолымыздан келгенше көмек береміз. Бастысы - еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Орман алқабындағы өрт сейіліп, өрт сөндірушілер, әскери қызметкерлер жақын арада үйлеріне аман-есен оралуға жазсын!,- деді Dauletten қайырымдылық қоры.

Пікірлер