Мемлекет басшысы Ресейге құттықтау жеделхатын жолдады

1493
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады,-деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді және Ресей жұртын  ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтап, жеделхат жолдаған.

Ел Президенті жеделхатында Ресей халқына амандық тілеп,  халық игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.

 

Пікірлер