Орал қаласында балалар отырған автобус өртеніп кетті

2143
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/uralskgorod
Фото: instagram.com/uralskgorod

Орал қаласында балалар отырған автобус тұтастай жанып кетті. Абырой болғанда көлік ішіндегілер сыртқа шығып үлгерген. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаменті растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға бүгін түскі сағат 12:40-тар шамасында болған. 

Г. Бельгер көшесінің бойында жекеменшік ПАЗ маркалі автобусы тұтастай жанып кетті. Балалар сыртқа қашып үлгерген. Абырой болғандай жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген ақпаратта. 

Өрт араға жарты сағат салып сөндірілген. Оқиға орнында 1 бірлік техника мен 6 өрт сөндіруші жұмыс істеді. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз.

Пікірлер