Ахметовтің алпыс тоғызыншы жазы

5422
Adyrna.kz Telegram
Фото: уk-news.kz
Фото: уk-news.kz

Бүгін, 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысының қазіргі әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ол бүгін 69 жасқа толды. Ал 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кандидатурасын бекіту үшін облыстық мәслихат депутаттарының жиыны өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Даниал Ахметов бұл қызметті 2014 жылдан бері атқарып келеді.

«Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының келісім беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығына сәйкес және облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін тағайындау жөніндегі» Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы Шығыс Қазақстан облысының әкімін тағайындауға келісім береді, 2023 жылғы 16 маусымда сағат 10:30-да Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55 (С. Аманжолов атындағы ШҚ 5 корпусы) мекенжайында өтеді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бүгін Даниал Ахметов 69 жасқа толып отыр.

«ЕНДІ БАСҚА ЖҰМЫСҚА ЕМЕС, ЗЕЙНЕТКЕ КЕТКЕНІ ДҰРЫС»

Белгілі режиссер, оппозиция белсендісі Еркін Рақышев әкімнің туған күнін құттықтай отыра, оны зейнетке жіберу керек деді.

Даниал Ахметов ағамызды туған күнімен құттықтаймыз. Өкілетті мерзімі де бітіп жатыр екен. Енді ол кісі басқа жұмысқа емес, зейнетке кеткені дұрыс. Ол өзіне пайдалы болады. Неге?

Қазір заңсыз шетелге шыққан дүние-мүліктерді қайтару керек деген заң шығып жатыр. Алдымен, бұл ірі бизнесмендерге қатысы болғанымен, екінші бір ұшы әкімдерге де қатысты. Сондықтан Ахметовтің де қылмысқа қатысы бар ма екенін анықтау қажет. Кейін қылмысты болып жатса, демалмай жұмыс істегеніне өкініп қалады. Себебі, ол саналы ғұмырын “мафияға” қызмет етуге арнады. Мәжбүрлі түрде Назарбаевтың талай заңсыз бұйрықтарын орындады, - деді Еркін Рақышев.

«БЕРДІБЕК САПАРБАЕВПЕН ТАҒДЫРЫ БІРДЕЙ»

Ал қоғам белсендісі, саясаткер Жанұзақ Әкім Даниал Ахметовтың елге сіңген еңбегі көп дейді.

Бұл кісі туралы қоғамда көп әңгіме болып жүр. Бірақ, ол тәжірибелі адам. Содан кейін авторитарлық жүйенің және шаруашылықтың адамы.

Бұл Риддерді Алтай деп өзгертті. Ал шаруашылық жағына бейім. Үкіметке де көп жұмыс істеді. 90-жылдары мен әкім болған кезімде, ол премьердің бірінші орынбасары болды. Сол жылдары “шегірткенің құтырған” қиын кездері болды. Ол кезде Даниал Ахметов нәтижелі жұмыс істеді. Жаңа өндіріс ашуда көп көмегі тиді. Экономикадан жақсы түсінеді. Бірақ, заманынан қалып қойды. Дегенмен, отбасы бірінші президенттің отбасысы сияқты көрінген затты жекешелендіріп, Қытаймен байланысуда. Мұндай қателіктері де бар.

Бұл кісі Бердібек Сапарбаевқа ұқсас. Тағдыры бірдей. Екеуі де өмір бойы жұмыспен келе жатыр”,- деді Жанұзақ Әкім.

Пікірлер