СҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, 5 адам қаза тапты

3340
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«16 маусымда сағат 07: 55-те СҚО Тайынша ауданы Аймақ ауылының маңындағы Көкшетау-Омбы автожолының 53 шақырымында Lexus және "ВАЗ-2104" автомашиналарының соқтығысуы болды.

Алдын ала болжам бойынша, Lexus автомашинасы Көкшетау қаласынан келе жатып қарсы жол жолағына шығып кеткен»,—делінген хабарламада.

Апат салдарынан 7 адам зардап шекті: 5 адам оқиға орнында қайтыс болды, оның ішінде 2 автокөліктің жүргізушілері. Қалған зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды.

Жол апаты дерегі Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет "бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Пікірлер