Жұмысына жауапсыз. СҚО-да 14 лауазымды тұлға жазаланды

1235
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында әкімшілік полицейлер қыс басталғалы автожолдар мен көше-жол желісіне 160 тексеру жүргізді. Нәтижесінде жұмысына немқұрайлы қараған 14 лауазымды тұлға жазаланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік полиция міндеттерінің бірі – автомобиль жолдарындағы қауіпсіз қозғалыс үшін жағдай жасау. Қыс басталысымен жол қызметтерінің жұмысы көбейді. Алайда олардың арасында өз ісіне жүрдім-бардым қарайтындар да бар. Олардың қызметін бақылау және қадағалау әкімшілік полиция басқармасының құзыретінде.

СҚО-да биыл көше-жол желісін күтіп ұстау жұмыстарына 500-ге жуық техника жұмылдырылған. Қыс басталғалы әкімшілік полицейлер жол және коммуналдық органдардың өкілдерімен бірлесіп, автомобиль жолдары мен көше-жол желісіне 160 тексеру жүргізді. Оның барысында жол қозғалысының қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін 65 олқылық анықталды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 54 ұйғарым беріліп, жолдарды күтіп ұстауға жауапты 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті атқарушы органдарға жол қызметтерінің қар жауған соң бірден тиісті жұмыстарды жүргізу қажеттігі туралы ұсыным жіберілді.

Пікірлер