"Онда тұрған не бар?" - Путин Қазақстан мен өзге елдерге кеткен ресейліктер жайлы пікір білдірді

3786
Adyrna.kz Telegram

Путин өзге елдерге кетіп қалған ресейліктерге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, мұның ешқандай да сөкеттігі жоқ.  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Көптеген ресейліктер Эмиратқа кеткен. Жұмыс істеп, өмір сүріп жатыр. Көбі көрші Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстанға табан тіреді. Онда тұрған не бар? Қалағанынша өмір сүрсін, қызықтасын.

Дегенмен, әлемдегі теңдессіз қалалардың бірі Мәскеуде ғұмыр кешу  - бөлек әңгіме. Барлық керемет өз мәдениетің мен тіліңе жетпейді. Достарың, туысқандарың мен қарапайым таныстар, туған тілің бар ортаңдай бола алмайды... Бұдан мақұрым қалу - басқа әңгіме", - деді Ресей басшысы.

Путиннің хабарлауынша, "келместей болып кеткен" ресейліктердің 50%-ы Ресейге қайта оралып үлгерген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер